05.12.2023 «Жат діни ағым және қазақ қыздарының тағдыры» тақырыбында дөңглек үстел өтті.
Мақсаты: дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру және діни сенімдерді насихаттау, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу.
Жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушылар санасына ұғындыру.
«Жат ағымдардан аулақ болайық» тақырыбында қыздар өз ойларымен бөлісті. Діннің қоғамдағы орны, діни сауатсыздық тақырыптары қозғалды.Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алатынын айтып өтті.
Әрбір діннің шығу тарихы мен негізгі діни ұғымдарының дамуы туралы мағлұматтарды анықтап, білгеннің өзінде діни уағыздарды тыңдау барысында «діни қауіпсіздік» мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстанып, ақиқат сенім мен ақиқат діни жолды біз ғана білеміз дейтін «әулиелерге» сенім арпағаныңыз абзал.
Мектеп оқушылары төмендегі ережелермен танысты.
Ереже:
1. Көшеде кетіп бара жатқаныңызда, бейтаныс адаммен діни тақырыпта әңгімелесуден бас тартқаныңыз дұрыс.
2. Егер әңгіме басталып кетсе, аты – жөнін сұрап алыңыз.
3. Есіңізде болсын, көп жағдайда дәстүрлі емес діни миссиялар бүркемеленушіліктермен сипатталады. Мысылы, Сізді ағылшын тілінен тегін курстарға шақырып – Киелі Кітапты оқып, сол бойынша өмір сүруді насихаттайды. Мұндай әдістердің «экологиялық форум», «сырласу мектептері» және бүркеме ат жамылған т.б түрлері бар.
4. Сізге керемет мақтау, мадақтау сөздерді айтып, Сізді өздеріне, қауымына «байлап алу» тактикасын қолданады. Кейбір деструктивті діни ұйымдарда жаңадан танысқан адамдарға «махаббатпен жаулап алу» терминін қолданады.
#біртұтас_тәрбие
#ҚОББтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi



