Skip to content

04.12.24 ж. 8 -10 сыныптармен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде…

04.12.24 ж. 8 -10 сыныптармен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде «Орынсыз әзілдер. Құқық бұзушылық. Қылмыс» тақырыбында дәріс өткізілді. Осы тақырып төңірегінде оқушылар құқық бұзушылықтың түрлерін ажыратып, талдап, топтық жұмыстар жасап, ой- пікірлерімен бөлісті. Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылатыны атап айтылды.Ойыннан от шығатынын жадымызда ұстаған жөн. Орынсыз ойын орға жығуы мүмкін. Сол себепті әр істі мың ойланып, ой елегінен өткізу керек. Еліктейміз деп жүріп ессіздерге айналмасымызға кім кепіл? Адам деген атқа лайық болу – әр адамның міндеті.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *