Skip to content

04.02.2025 күні мектебіміздің ата-аналарымен Балқаш қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб-нің инспекторы…

04.02.2025 күні мектебіміздің ата-аналарымен Балқаш қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб-нің инспекторы Н.А.Қоразбаев кездесу өткізіп,түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мақсаты: ата-аналардың құқықтық сауатын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілері, оның түрлерімен , жасөспірімдердің және ата-аналардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Құқық бұзушылықтың жазасы қандай болатынын ескерту,түсіндіру.
Кездесу барысында ювеналды полиция инспекторы ата-аналарға мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы түсіндірді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік, лудомания тағы сол сияқты мәселелердің алдын алу бойынша түсіндіріп қана қоймай, отбасында ата-аналардың балаларға көбірек көңіл бөлінуін талап етті.
Бос уақытты тиімді өткізуге, кешкілік уақытта бей-берекет далада жүрмей тәртіп сақтауын қадағалауға шақырды. Сонымен қатар ұрлық,есірткі жасыру, буллинг пен кибербуллинг мәселелері, авто-мотокөліктерді заңсыз жүргізу туралы сұрақтар талқыланды. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ойланбай істеген әрекеттері үшін ата-аналары жаза немесе айыппұл арқалайтынын да айтылды. Ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#balqash_qalasy_akimdigi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *