Skip to content

03.09.2024 күні 5 «А» сыныбында сынып жетекшісі Д.Ж.Сандыбаеваның ұйымдастыруымен «Отбасы…

03.09.2024 күні 5 «А» сыныбында сынып жетекшісі Д.Ж.Сандыбаеваның ұйымдастыруымен «Отбасы – өмір айнасы» адамгершілік сабағы өткізілді.
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Сабақ барысында балалар «Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында шағын әңгіме құрастырып, өз отбасыларындағы бақытты кездерін сипаттап берді. Тақтада берілген мақал-мәтелдерді оқып, мағыналарын ашып түсіндірді.
Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушылар суреттер арқылы «Отбасы ағашын» құрап жасады. Суреттерге қарап отбасы мүшелерін таныстырып өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *